ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

 

Денсаулық сақтау жүйесіндегі басым бағыт жедел медициналық көмек болып табылады. Әсіресе осы аталған жедел медициналық көмек қызметіне адам өлімі мен мүгедектілік деңгейін сипаттайтын көптеген аурулар кездесетін денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қысымы түсетін қызмет болып саналады.

ЖМК қызметін 310 ұйымдар мен бөлімшелер көрсетеді, соның ішінде 23 жеке станциялар және 287 – жедел медициналық көмек бөлімшелері болып табылады.

Еліміз бойынша ЖМК 4216 шақыру бригадаларымен көрсетіледі. Мамандандырылған, сызықты және фельдшерлік бригадалар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2013 жылғы 08 қаңтардағы № 13 «Алматы және Астана қалаларында жедел медициналық көмек қызметінің жұмысын оңтайландыру бойынша пилоттық жобаны ендіру туралы» бұйрығымен Алматы, Астана және Павлодар облысында «Ақылды скорая» пилоттық жобасы өткізілді.

Аталған пилоттық жобаның жағымды нәтижелерін ескере отыра, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 2014 жылғы 11 мамырда №236 «Астана және Алматы қалаларында, облыстарда жедел медициналық көмек қызметтерінің жұмысын жетілдіру шаралары туралы» бұйрығы бекітіліп, онда еліміздің барлық аймақтары бойынша жедел медициналық көмек қызметінің бағалау индикаторлары енгізілді (ЖМК шақырулар саны, кешігумен көрсетілген ЖМК шақырулар саны, ЖЖ бригадасына шақыруды жеткізу сәтінен бастап, шақыру орнына ЖМК бригадасының уақытылы келу саны, ЖМКП ұйымдарының жұмысы кезінде ЖМК көрсеткен қызметтер саны).

Осыған байланысты, жедел медициналық көмек қызметін модернизациялау ретінде барлық жерде GPS-навигация жүйесі ендіріліп жатыр, бұл өз кезегінде ЖМК қызметін көрсетуде қол жетімділікті және уақытылылыққа мүмкіндік береді.

GPS-навигация жүйесін ендіру санитариялық автокөлік қозғалысын және орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде шақыру келіп түскен орыннан жақын жерде жүрген ЖМК бригадасын шақыруға тез арада жіберуге мүмкіндік береді.

32 станцияға дейін электрондық шақыру картасын енгізген станциялар мен бөлімшелер саны ұлғайды. Сонымен қоса, 56 станцияға дейін шақыруларды қабылдауды және жіберуды басқару автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған ЖМК станциялары мен бөлімшелері көбейді.

Жедел медициналық көмек қызметі парамедиктерді дайындау бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуде. 2014 жыл бойынша 938 адам оқытылды. 

Обучение парамедиков Обучение парамедиков Обучение парамедиков

Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің экстренді қызметтерімен және Қазақстан Республикасы халқына медициналық көмекті көрсету бойынша профильді медициналық ұйымдармен өзара бірлесе жұмыс істейді:

- республикалық маңызы бар тасжолда орын  алған ЖАО салдарынан зақымданған адамдарға уақытылы медициналық көмекті көрсету үшін 40 жол медициналық-құтқару пунктері жұмыс істейді. Осы пунктер бүгінгі күні өзінің жоғарғы тиімділігін көрсетті;

- Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша жүріп тұратын «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» үш консультативтік-диагностикалық поездары қызмет етеді;

- зерттеулерді сараптау және профильдік мамандарды консультациялау үшін жылжымалы медициналық кешендер.

Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қызметіне өзінің қол астында аудандық орталықтардағы жедел медициналық көмек бөлімшелері және облыстық маңыздылығы бар қалалардағы станциялар желісі бар қалалық және облыстық жедел медициналық көмек станциялары, сонымен қатар дәрігерлік, амбулатуралық, медициналық пунктердегі жедел медициналық көмек көрсету пунктері жатады.