РСАО көрсетілетін медициналық қызмет түрлері

Әрбір өңірлерде медициналық ұйым қарамағына СА қызметінің үйлестіруші–дәрігерлері жұмыс жасайды. Медициналық көмектің уақтылы көрсетілуі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2014 жылғы желтоқсанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының аймақтарын қамтитын Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК Өкілдігі ашылды.

2014 жылы республикамызда СА қызметімен 1875 ұшу жүзеге асырылды.

Жалпы 2393 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде пациенттерге көрсетілген қызметтер саны 2367 (1736 (72,5%) тасымалданды), 491 консультация (20.5%), 140 (5.9%) орнында операция жасалды), донордың ағзаларын тасымалдау – 6 құрайды.

2014 жылы шетел клиникаларынан (Сингапур, Моңғол Республикасы (Ұлан-Батор қаласы), БАЭ (Дубай қаласы), Ресей (Челябинск қаласы) және АҚШ (Сан-Франциско қаласы) Қазақстан Республикасының 5 азаматы тасымалданды.

2014 жылы ЖКА зардап шеккен 183 зардап шегушілерге СА қызметімен медициналық көмек көрсетілді.