Орталық туралы

Республикалық деңгейде санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету бастапқыда Қазақстан халқына «Республикалық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығы» АҚ құрамындағы Республикалық санитариялық авиация үйлестіруші орталығымен 2011 жылдың сәуір айынан бері көрсетілді. 

«Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 қаулысымен медициналық көмек көрсету тәртібі мен ережелері анықталған, ҚР ДСМ 2015 жылғы 26 маусымдағы № 365 бұйрығымен санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттары енгізілген.  

Санитариялық авиация желісі бойынша шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметтерін табысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1724 қаулысымен ҚР ДСМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК құрылды. 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 28 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1724 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
  2. Мыналар:
    1) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
    2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызмет болып белгіленсін.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
    2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С. Ахметов

Біздің миссиямыз: Жедел жағдайлар туындаған кезде «алтын уақыт» қағидасын сақтай отырып, біз адамдарға сенімділік пен үмітті ұялатамыз.

Орталықтың мүмкіндігі: Тұрақты даму негізінде Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметтерін үздік жеткізуші, қызмет сапасын арттыру және халықаралық стандарттарды ендіру болып табылу


Мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының өлімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе кемелерін пайдаланумен жедел медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру.


Орталықтың міндеттері: Әуе кемелерін пайдаланумен (санитариялық авиацияның) Қазақстан Республикасы тұрғындарына жедел медициналық көмекті ұйымдастыру Санитариялық авиацияның аймақтық бөлімшелері қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында санитариялық авиация қызметін дамыту.