Іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.

РСАО қызмет ету бағыттарының бірі – әртүрлі іс-шараларға кезекші көшпелі медициналық бригадалармен медициналық қызмет көрсету. Іс-шараға қатысушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру денсаулықты сақтау, жарақаттануды алдын алу және мүмкін болатын асқынулар қауіпін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Медициналық қызметтер барлық қажетті заманға сай медициналық жабдықтары бар реанимобильдерде ұсынылады.

Медициналық бригада қажетті құралдармен және ауқымды медикаменттер жиынтығымен жабдықталған, бұл денсаулық жағдайында күрделі бұзылыстар болған кезде де алғашқы көмекті жылдам және тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.

Медициналық жабдықтар ҚР нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес жабдықталу стандарттарына сәйкес келеді.

РСАО қызметкерлері –бұл медициналық көмек көрсетуде, сонымен бірге науқастар мен зардап шегушілерді тасымалдауда кең тәжірибеге ие жоғары білікті көшпелі медициналық бригадалар. Кезекші жедел медициналық жәрдем бригадасының оқиға орнына жақын жерде болуы шұғыл және жедел медициналық көмекті шұғыл көрсетуге мүмкіндік береді және өміріне қауіптіліктің туындау қауіпін айтарлықтай төмендетеді.

Республикалық Санитариялық Авиация Орталығы мынадай іс-шаралар түрлеріне медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

  • Спорттықжарыстар мен іс-шаралардағы (хоккей, спорттық жекпе-жек, баскетбол, футбол және т.б.) жедел жәрдемніңкезекшілігі;
  • Қоғамдық және мәдени іс-шараларды медициналық алып жүру;
  • Корпоративтік іс-шараларда жедел жәрдемнің кезекшілігі;
  • Жерлеу кезіндегі медициналық алып жүру;
  • Түсіру алаңдарын медициналық алып жүру.

Іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету өзіне ЖМК жоғары білікті бригадаларының алып жүруімен заманға сай стандарттарға сәйкес жабдықталған іс-шара өткізу орнында регламенттелген кезекшілікті қоса алады. Қажеттілік туындаған кезде дәрігерлік бригада зардап шегушілерге шұғыл және жедел медициналық көмекті көрсетеді, сонымен бірге оларды медициналық ұйымдарға тасымалдайды.]