Ұлттық телемедицина орталығы.

Телемедицина – медициналық көмек ұсыну үшін және Республика азаматтарының орналасқан орнына байланыссыз олардың әрбіреуіне сапалы медициналық көмек көрсетуді дамыту мақсатында бір бірінен алыс орналасқан бекеттер арасында (медициналық ұйымдар, пациенттер және дәрігерлермен, денсаулық сақтау өкілдерімен және т.б.) және қажетті мерзімде денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді ұсыну үшін телекоммуникация мен компьютерлік технологияларды пайдаланатын медицина саласы.

Пациенттерге облыстық, сонымен бірге қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі білікті дәрігерлермен дистанциондық консультация өткізу, жиі уақтылы диагностикалау және науқастарды емдеу мәселелерін шешеді. Жиі облыстық немесе республикалық орталықтарға бару қажеттілігі болмайды.  Жол шығындарынан, консультация жүргізу кезеңіндегі шығындардан аздаған қаражат үнемделеді. Ең тиімдісі ол тасымалдауды және медициналық қызметкерлердің алып жүруін талап ететін пациенттік қарым қатынастар.

Басқаша сөзбен айтқанда бүгінгі таңда телемедициналық консультация – бұл айқын уақыт режимінде ауылдық дәрігерлер мен пациенттер үшін қосымша шығынсыз және уақыт жоғалтпай басқа қалаға шығусыз диагностикалау мен емдеудің ерекшеліктерін қысқа бейіндегі дәрігерлермен талқылау мүмкіндігі.

Орталықты құру мақсаты – денсаулық сақтау практикасына консультативтік медициналық көмек көрсетудің дистанциондық әдістерін енгізу және арнайы медициналық ақпараттармен алмасу арқылы ҚР өңірлерінде медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру болып табылады.

Телемедицина орталығының негізгі мақсаттары:

1) Қалалық пациенттерге және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау өңірлерінің облыстық ұйымдарының пациенттеріне мерзімі ұзартылған режимде және айқын уақыт режимінде телемедициналық технологиялар көмегімен ақпараттық қызметтерді ұсыну;

2) ҚР өңірлерінің балары мен ересектері үшін жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жетімдікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру.

Телемедициналық технологияларды пайдаланумен консультация мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • ауруларды диагностикалау
  • емдеу тактикасын анықтау
  • диагнозды айқындау (secondopinion) 
  • хирургиялық операцияны өткізу әдістемелігі
  • бірегей және шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерлердің жүргізу тактикасы
  • күрделі операциялардан кейін науқастарды дистанциондық бақылау
  • ауыр халдегі науқастарға шұғыл консультация
  • дәрігерлік консилиумдарды ұйымдастыруды жүзеге асыру болып табылады.

 

Орталықтың қызмет етуі өзіне:

  • ҚР телемедициналық инфрақұрылым жүйесін ұйымдастыру;
  • Жалпы және арнайы бейіндегі телемедицина бекеттерінің желісін ұйымдастыру;
  • Консультативтік – диагностикалық көмек көрсету нысандары мен әдістерін дайындау және оларды ҚР медициналық қызмет көрсету тәжірибесіне енгізу;
  • Телемедицина әдістерін пайдаланудың стратегиясы мен тактикасын дайындау және оларды шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуде және жедел медициналық көмек көрсетудің әртүрлі кезеңдерінде оларды іске асыру;
  • ҚР телемедицина жүйесінің қызмет етуін нормативтік – құқықтық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету;
  • Төтенше жағдайларды, апаттарды, лаңкестік шабуылдарды және басқа да экстрималдық жағдайларды жою және алдын алу бойынша іс-шаралар жүйесінде телемедицина әдістері мен құралдарын пайдалану;
  • Жалпы немесе функционалдық мамандандырылған мәндегі медициналық телеметрияның мобильдік құралдарын, сонымен бірге қабылдау – сараптау жүйелерін енгізу және пайдалану;

Емделуге жатқызуға дейінгі деңгейде телемедициналық технологияларды дамыту халықтың мамандандырылған консультацияларға қол жетімділігін қамтамасыз етеді, пациенттерді тасымалдау алдында олардың жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, шығындарды қысқартады, альтернативтік медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді, сонымен бірге медициналық көмек сапасын арттыруға («екінші пікір», «екінші оқуда») мүмкіндік береді.