Қоғамдық өмірі

«Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК ұжымы кәсіби қызметтен басқа қоғамдық, мәдени және спорттық сацықтыру іс-шараларына, мереке және салтанатты жиындарға, спартакиядаларға, қайырымдылық акциялары мен семинарларға белсене қатысады.  РСАО жүргізілетін әлеуметтік саясат ұжымда моралдық мінез құлықтық ахуалды үздісіз арттырады депа танылған, корпоративтік бірлестік рухын тәрбиелейді, саламатты өмір салтын насихаттайды. 

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында РСАО кәсіподақ комитеті 2016 жылға жұмыс жоспарын дайындады. Жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу үшін кәсіподақ комитетімен жоспарлау, ұйымдастырудағы дайындық және оларды өткізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2016 жылдың 12 ақпанынан 10 маусымына дейінгі кезеңде қызметкерлерді дене шынықтыруы мен спорт сабақтарына жаппай тарту, кәсіпорында денешынықтыруы мен спортты дәріптеу, еңбекке қабілеттілікті арттыру, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде денсаулықты нығайту және аурушаңдықты азайту  мақсатында Республикалық санитариялық авиация орталығы медициналық ұйымдар арасындағы Спартакиадаға қатысты. Бекітілген регламент бойынша спартакиада мынадай 11 спорт түрі бойынша өтті: шаңғы жарысы, шағын-футбол, волейбол, жүгіру, коньки тебу, үстел теннисі, шахмат, боулинг және т.б..  Осы іс-шаралар әдемі салтқа айнала отырып, жыл сайын өткізіледі және РСАО ұжымы арасында үлкен қызығушылық пен құлшыныс туғызады.

2016 жылғы 9-10 маусымда Алматы қаласында жедел медициналық жәрдем қызметі, санитариялық авиация және Қазақстан Республикасы ынталандыру орталықтары мамандарының конференциясы өтті. Конференцияға 200-ден астам адам қатысты: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР ДСӘДМ Республикалық санитариялық авиация орталығының, Алматы қаласы Әкімдігінің өкілдері, Облыстардың, Алматы және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен мамандары, Ғылыми орталықтар мен Ғылыми зерттеу институттарының, ынталандыру орталықтарының, халықаралық ұйым өкілдері, практикалық дәрігерлер, денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері, алыс және жақын шетелдерден сарапшылар.

Конференцияны өткізу шеңберінде медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, практикада теориялық білімді пайдалану, сонымен бірге шұғыл жағдайлар кезінде іс-әрекетті қалыптастыру мақсатында жедел жәрдем бригадаларының республикалық жарыстары ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстан Республикасы өңірлік жедел медициналық жәрдем станциясы бригадасының 9 командасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының санитариялық авиация орталығы қатысты.

Жарыс кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде жедел қызмет дәрігерлері жіті коронарлық синдром,  ЖКО кезіндегі көптеген сынулар диагноздары бар пациенттерді құтқарды, сонымен бірге ересектер мен балараға жүрек және өкпе реанимациясын өткізді, баланы анафилактикалық шоктан қалай құтқаратындарын көрсетті. Екінші кезеңде жедел жәрдем бригадалары кім үй жағдайында жақсы босандыру бойынша, жаңа туған нәрестеге реанимация жүргізе алуы, босанудан кейінгі қан кетуді тоқтату. Пациенттер ролінде Алматы медицина колледжінің студенттері болды. Сонымен бірге жарысқа манекендер мен ынталандыру жабдықтары да тартылды.   

Жарысты ұйымдастыру мен өткізу идеясы осы іс-шараларды өткізуде онжылдық нәтижелі тәжірибесі бар литва әріптестерінің көмегін алды. Жарыс қорытындысы бойынша РСАО командасы екінші жүлделі орынға ие болды.

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбі күні қалыптасқан көпжылдық дәстүр бойынша Республикалық санитариялық авиация орталығы Медициналық қызметкерлер күнін мерекелейді. Ерекшеленген қызметкерлер еңбектегі жемісі үшін құрмет грамоталарымен марапатталады. Кәсіподақ комитетінің төрайымы мен мүшелері мерекені ұйымдастыруға бар жауапкершілігімен кіріседі. Еңбек ұжымы өз кезегінде іс-шара бағдарламасына белсенді атсалысады.