Мүшелерді трансплантациялау үшін тасымалдау жасау

Донорлық мүшелерді тасымалдау- бұл санитариялық авиацияда белсенді дамып келе жатқан жаңа бағыт. Донорлық мүшелерді ауыстырып отырғызу жоғарытехникалық үдеріс, оның жетістігі көптеген ықпалдарға,соның ішінде тасымалдау шапшаңдығына байланысты.

     Тасымалдау үдерісінде ең бастысы ми өлімін растау туралы қорытынды алыну қажет, ол жергілікті үйлестірушіге «Транспланттау жөніндегі Республикалық үйлестіру орталығына» көзі тірісінде мүшелердің алынуына ақпараттық келісімнің немесе келіспеушіліктің бар болуын тексеру үшін жіберіледі.

       Осындай келісім немесе келіспеушілік болмаған жағдайда, ол жақын туыстарынан немесе басқа құқық өкілдерінен сұралады.

Қайтыс болғанды маңызды донор деп танығаннан кейін, мединицалық ұйым (донорлық мекеме) қайтыс болған донор мүшесінің алыну сәтіне дейінмүшелердің өмірлік маңызды қызметін қолдау үшін барлық қажетті шараларды жүргізеді.

        Мүшелерді алып тастағаннан кейін, оларды арнайы жабдықталған контейнерге салып, санитариялық авиацияның тікұшағы немесе ұшағымен медициналық ұйымға тасымалдайды, ол жерде мүшелерді жаңа иесіне ауыстырып отырғызады.

         2013 жылдан бастап санитариялық авиациямен биологиялық материалдар мен 31 донорлық мүшелерді тасымалдау өткізілді.