Жедел медициналық көмек бригадасын шақырту.

     Жедел медициналық көмек көрсету (бұдан әрі - ЖМК) арнайы жабдықталған автомобиль-реанимобильдерде жүзеге асырылады, стандарттарға сәйкес қажетті емдік-диагностикалық жабдықтармен, дәрі-дәрмектер мен дайын жасақталған білікті сертификатталған медициналық қызметкерлер құрамымен қамтылған.

      Жедел медициналық көмек бөліміне шақырту түскен кезде, келесі мәліметтер тіркеледі:

  1. тегі, аты, жөні, пациенттің жасы және жынысы;
  2. пациенттің жағдайы мен қайғылы оқиға салдары және сырқаты жайлы қысқаша мағлұмат;
  3. нақты мекен-жайы мен телефоны, кіреберіс есігінің коды, сондай-ақ пациенттің орналасқан жеріне өту үшін қысқаша бағдарлау;

Қабылданған шақырту сипаты, сырқат бейіні бойынша өңделіп, ЖМК көшпелі бригадасына беріледі. Көшпелі бригадалар шұғыл және жедел жағдайдағыпациенттерге ЖМК көрсету және оларды тасымалдау үшін бағытталады.

ЖМК бригадасының қарауынан кейін, қажет жағдайда, пациеттерді стационарлық көмек (ургенттік стационар) көрсететін медициналық ұйымдарға қаралужәне жатқызу үшін жібереді. Қажет болса, жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымынаалдын-ала хабарласып, жеткізуді жүзеге асырады.