Жедел медициналық жәрдем қызметі.

Денсаулық сақтау жүйесінде шұғыл медициналық көмек басым сипатқа ие. Осы жедел медициналық көмек қызметіне денсаулық сақтау жүйесінің ең негізгі күші ең көп өлім және мүгедектік дәрежесімен сипатталатын аурулар спекторына түседі.

Кенеттен болған аурулармен, созылмалы аурулардың асқынуымен, жазатайым оқиғалармен, жарақаттармен және уланулармен, жүктіліктің және босану кезіндегі асқынулармен байланысты Жедел медициналық жәрдем станциясының негізгі қызметтері оқиға орнындағы сияқты денсаулығына немесе азаматтардың өміріне қауіп төндіретінтөтенше жағдайлар кезінде стационарға жүріп келе жатқан жолда балалар мен ересектерге тәуліктік жедел медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың медициналық салдарын (емделуге жатқызуға дейінгі кезеңде) жоюмен шұғыл стационарлық көмекті қажет ететін науқастарды, зардап шегушілерді және жаңа босанған әйелдерді  тасымалдау болып табылады.

Республикалық санитариялық авиация орталығының  жедел медициналық көмек көрсету қызметінің қызмет ету бағыттары:

  • ЖМК бригадасын шақырту; 
  • Науқастарды тасымалдау; 
  • Іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету. 

Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) қызметі Қазақстан Республикасында 24 жеке станциялармен және 299 басқа денсаулық сақтау ұйымдарының құрамына кіретін ЖМК бөлімшелерімен ұсынылады.

ЖМК мемлекет бойынша 4216 шығыс бригадаларымен көрсетіледі. Мамандандырылған, дәрігерлік және фельдшерлік бригадалар.

ЖМК фельдшерлік шығыс бригадасының құрамына фельдшер («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы, жеке тұлғаға мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат – маман сертификаты (бұдан әрі - сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

ЖМК дәрігерлік шығыс бригадасының құрамына дәрігер («емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандығы бойынша дипломы және «жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша сертификаты бар жоғары медициналық білімі бар маман), фельдшер («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар орта медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

ЖМК мамандандырылған шығыс бригадасының құрамына дәрігер ((«емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандығы бойынша дипломы және «жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша сертификатыжәне арнайы бригада бейіні бойынша сертификаты бар жоғары медициналық білімі бар маман), фельдшер(«емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар орта медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

«Алматы және Астана қалаларында жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығымен Павлодар облысында, Алматы және Астана қалаларында «Ақылды жедел жәрдем» пилоттық жобасы өткізілді.

Аталған пилоттық жобаның жағымды нәтижелерін ескере отыра, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 2014 жылғы 11 мамырда №236 «Астана және Алматы қалаларында, облыстарда жедел медициналық көмек қызметтерінің жұмысын жетілдіру шаралары туралы» бұйрығы бекітіліп, онда еліміздің барлық аймақтары бойынша жедел медициналық көмек қызметінің бағалау индикаторлары енгізілді (ЖМК шақырулар саны, кешігумен көрсетілген ЖМК шақырулар саны, ЖЖ бригадасына шақыруды жеткізу сәтінен бастап, шақыру орнына ЖМК бригадасының уақытылы келу саны, ЖМКП ұйымдарының жұмысы кезінде ЖМК көрсеткен қызметтер саны).

Осыған байланысты, жедел медициналық көмек қызметін модернизациялау ретінде барлық жерде GPS-навигация жүйесі ендіріліп жатыр, бұл өз кезегінде ЖМК қызметін көрсетуде қол жетімділікті және уақытылылыққа мүмкіндік береді.

GPS-навигация жүйесін ендіру санитариялық автокөлік қозғалысын және орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде шақыру келіп түскен орыннан жақын жерде жүрген ЖМК бригадасын шақыруға тез арада жіберуге мүмкіндік береді.

Жедел медициналық көмектің барлық станциялары мен бөлімшелері автоматты басқару жүйелерімен, медициналық ұйымның автокөліктеріне спутниктік мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен және шақыртуларды қабылдауды жазып алатын жүйелермен жабдықталады.

Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қызметіне өзінің қол астында аудандық орталықтардағы жедел медициналық көмек бөлімшелері және облыстық маңыздылығы бар қалалардағы станциялар желісі бар қалалық және облыстық жедел медициналық көмек станциялары, сонымен қатар дәрігерлік, амбулатуралық, медициналық пунктердегі жедел медициналық көмек көрсету пунктері жатады.