Пациенттерді тасымалдау

   Санитариялық авиация білікті мамандардың пациент орналасқан жерге жеткізілуін немесе оны тиісті медициналық ұйымға тасымалдауын, оған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында санитариялық авиакөлікті қолданумен кеңестік, диагностикалық және емдік көмек көрсетуді жүзеге асырады.

    Пациенттерді аймақтардан республикалық орталыққа тасымалдау жүзеге асырылады, бұл жерде оларға жоғары білікті көмек көрсетіледі. Бұл жағдайда пациенттерге санитариялық авиацияның мобильді бригадасы ұшады, олар пациенттің жағдайын бағалап,оны республикалық орталыққа тасымалдайды.

    Республикалық Санитариялық Авиация Орталығы облыстық санитариялық авиация бөлімдерінің өтінімі бойынша жоғары білікті дәрігер-мамандары тартылған мобильді бригадаларды жинақтап, Қазақстан Республикасы аумағында тәуліктік тәртіпте мамандырылған және жоғары мамандырылған медициналық көмекті көрсетуге дайын.

Жедел жағдайлар кезінде (ЖКО, жазатайым оқиғалар және адам өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайлар) санитариялық авиацияны шақырту медициналық қызметкерлермен, зардап шегушілермен, немесе оқиға орнынан көз көрушілермен «112» төтенше жағдайлар қызметіне, «103» қызметіне немесе санитариялық авиацияның арнайы құрылған диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.

         Сонымен бірге, мобильдік бригадалар уәкілетті органның өтінімі бойынша шетел медициналық ұйымдарында ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық тасымалдауды жүзеге асырады.

         Санитариялық ұшақтар мен тік ұшақтарды пайдалану әрбір пациентке жылдам және сапалы медициналық көмек көрсету үшін, бағытының қиындығына қарамастан мүмкіндік береді, ал осындай ұшуларды ұйымдастырудың жоғары деңгейі және жоғары технологиялық заманға сай медициналық жабдықтармен жиынтықтауы пациентті жайлы, қауіпсіз және максималдық түрде жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді.