Оқыту – тренингтік орталығы.

Оқыту – тренингтік орталығы – бұл озық оқыту әдістерін пайдаланатын және шұғыл жағдайлар кезінде адекватты әрекет етуге оқытатын, халықаралық стандарттар саласында шұғыл көмек көрсететін, медициналық манипуляция техникаларымен жұмыс жасауда медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын жоғары технолгиялық ынталандыру орталығы.Оқыту процессін ұйымдастыру үшін Орталықпенеліктеу және жаттығу жабдықтармен қамтылған дәріс аудиториялары мен оқыту класстары ескерілді.

Открытие учебно-тренингового центра на базе РЦСА позволит создать передовую модель учебно-тренингового центра по обучению навыкам оказания скорой и неотложной медицинской помощи в соответствии с международными стандартами.

Оқыту – тренингтік орталықты құру мақсаты санитариялық авиация қызметінің қызметкерлері, жедел және шұғыл медициналық көмек қызметкерлері үшін, сонымен бірге шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына оқытуды қажет ететін тұлғалар үшін жедел жағдайлармен жұмыс жасау және оқытуды өткізу болып табылады.

Орталықта: BLS (негізгі жүрек – өкпе көмегі),ACLS (Ауқымды жүрек – өкпе реанимациясы),PALS (Балалардың ауқымды жүрек – өкпе реанимациясы),ATLS (Жарақаттар кезіндегі жедел медициналық жәрдем және тіршілікті қамтамасыз ету),AMFP (Авиациялық медицина мен ұшулар физиологиясы бойынша стандарт),HEMS (Helicopter) тасымалдау кезіндегі көмек стандарты),NRP (Неонаталды реанимация),NeonatalTransport/TransportIncubator (Инкубаторды неонаталдытранспортациялау/транспортациялау),Санитариялық көлікті қауіпсіз жүргізу стандарты.

Оқытутренингтік – орталықтыңнегізгі міндеттері:

  • Машықтарды қалыптастыру және еркін шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына, санитариялық көлікті қауіпсіз жүргізуге, пациенттерді қауіпсіз тасымалдауға және т.б. үйрету.
  • Біріктірілген білім беруді ұйымдастыру және енгізу және оқытудың әртүрлі әдістерін пайдаланумен, білім беруде және оқытуда клиникалық машықтарды манекендерді, модельдерді, муляждарды, автоматтандырылған витуалды модельдерді, интерактивті оқытудың компьютерлік бағдарламаларын, аудио – видео материалдарды пайдаланумен үйрету.
  • Білім беретін контингентті клиникалық оқыту үшін тиісті білім беру ортасымен қамтамасыз ету.
  • Медициналық мамандардың клиникалық дайындық сапасын арттыруға әсерін тигізу, санитариялық авиация, жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
  • ОКО материалдық – техникалық ресурстарын дамыту, ұтымды орналастыру және тиімді пайдалану.
  • Заманға сай талаптарға сәйкес оқыту процессін модернизациялауға қатысу болып табылады.