Санитариялық авиация қызметтері.

Республикалық санитариялық авиация орталығы медициналық мекемелері алыс орналасқан жағдайда халыққа шұғыл медициналық көрсету үшін, сонымен бірге науқастар мен зардап шегушілердің жағдайы талап еткен жағдайда оларды жылдам тасымалдау үшін 2012 жылы құрылды.

Санитариялық авиация жұмысы мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Пациенттерді тасымалдау;
  • Консультация өткізу
  • Операция жүргізу;
  • Донор мүшелері мен биоматериалдарды тасымалдау.

Біздің негізгі міндетіміз–тұрақты даму, қызметтер сапасын арттыру, сонымен бірге халықаралық стандарттарды енгізу негізінде уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығына сәйкес Санитариялық авиация орталығына жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру қызметі тіркелген.

Осы бағыт шеңберінде біз қызмет көрсеткіштерін, оның ішінде кадрлық қамтамасыз ету, материалдық техникалық жабдықтау, логистика және т.б. көрсеткіштеріне мониторинг және жақсарту бойынша өңірлермен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша санитариялық авиация бойынша 2700 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 2000 астам ұшу жүзеге асырылды, оның ішінде 10 ұшу шетелге жүргізілді.

Орташа санитариялық авиация тәулігіне 3-тен 15-ке дейін ұшуді жүзеге асырды.

Ұшулардың негізгі үлесі зақымданулар (21%), оның  ішінде ЖКО (44%)  себебі бойынша балалар жасындағы патологиясы бар жағдайлар (25%), сонымен бірге жаңа туған нәрестелердің патологиялары (17%), қан айналым жүйесі аурулары (16%), акушерлік – гинекологиялық патологиялар (14%), хирургиялық, терапевтикалық және басқа да аурулар кезінде медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда санитариялық авиация мүддесінде 30 бірліктен жоғары авиакөлік түрлері пайдаланылады, бұл кеңес одағы кезінде жасалған ұшақтар мен тікұшақтармен қатар медициналық модульдермен жабдықталған батыстың авиациялық техникалық үлгілері де пайдаланылады. Санитариялық авиация үшін авиа – қызметтер осы қызмет түріне лицензиясы бар авиакомпаниялармен көрсетіледі.

Санитариялық авиация қызметтері медициналық және авиациялық қызметтерден тұрады. Санитариялық авиацияның көліктік қызметтерінің тарифі білікті мамандарды және (немесе) науқасты әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаумен байланысты шығындарды қоса алады және потенциалды өнім берушілер ұсынған орташа құнмен белгіленеді. Санитариялық авиацияның медициналық қызметтеріне тариф санитариялық авиация қызметтерін көрсетуге кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлеміне, сондай-ақ медициналық қызметтерді көрсетуге жоспарланған сағат санына байланысты айқындалады. Ағымдағы тарифтер туралы толық ақпаратты ҚР ДСМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК өтініш білдіру кезінде алуға болады. 

Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұйымдастыру (қосымша парақ)

Уақтылы медициналық көмек көрсету мен қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін әрбір өңірдегі медициналық ұйымдардан санитариялық авиация қызметінің үйлестіруші дәрігерлері тартылған. Қажеттілік туындаған жағдайда үйлестіруші дәрігерлер Санитариялық авиация орталығының диспетчерлік қызметіне санитариялық авиацияның әуе кемесінің ұшуына медициналық ұйым басшысымен алдын ала келісілген  шұғыл өтінімді жолдайды.

Әуелік санитариялық әуе көлігін пайдаланумен медициналық көмек көрсету мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) қиын қол жетімді өңірлерде;

2) әуе көлігінде санитариялық авиация қызметтерін ұсынатын медициналық ұйымдар орналасқан жерден 150 шақырымнан астам қашықтықтағы науқастарды, босанған әйелдерді және зардап шегушілерді тасымалдау мен шақыртулар үшін;

3)зақымданулар мен уланулар, пациенттің және қоршаған ортаның денсаулығы мен өміріне қауіптілік тудыратын жағдайларда, диагноз қоюда қиындық туған жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде тағайындалған орынға білікті мамандарды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан мамандарды жеткізу үшін;

4) медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда немесе облыстық, қалалық медициналық ұйымдар деңгейінде осы қызмет түрі болмаған жағдайда пациенттерді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;

5) қала шетіндегі автомагистралдарда ЖКО болған кезде жедел медициналық көмек көрсету үшін;

6) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жол-көлік жарақаттанушылығының профилактикасы мақсатында апаттық – қауіпті учаскелерде автомобиль көлік құралдарының қаладан тыс автомагистралдарда (қалааралық және республикалық маңызы бар жолдар) жаппай қозғалысы уақытында патрульдеу үшін.

Мобильдік бригадалар (қосымша парақ)

Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін республикалық немесе облыстық мәндегі мобильдік бригадалар құрылады.

Санитариялық авиация қызметінің штаттық мобильдік бригадасының құрамына дәрігер («емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандығы бойынша дипломы және «шұғыл және жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша сертификатымен жоғары медициналық білімі бар маман) фельдшер («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы және сертификатымен «жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша сертификатымен жоғары медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші және/немесеұшқыш кіреді.

Болашаққа деген жоспар (қосымша парақ)

Жедел медициналық көмек көрсетуге қол жетімдікті және уақтылылықты арттыру мақсатында біз:

  1. Көліктік медицинаның халықаралық стандарттарын ендіруді;
  2. Материалдық техникалық базаны жақсартуды және санитариялық авиация қызметі мен жедел медициналық жәрдемнің инфра құрылымын дамытуды;
  3. Медициналық қызметкерлерді жедел медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына оқытуды және біліктіліктерін арттыруды;
  4. Телемедициналық технологияларды және смарт-медицинаны дамытуды жоспарладық.