Астана қаласының көпбейінді стационарларының қабылдау бөлімшелері арасындағы жарыста №2 қалалық аурухананың командасы жеңіске жетті

Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017.

Астана қаласының көпбейінді стационарларының қабылдау бөлімшелері арасындағы жарыста №2 қалалық аурухананың командасы жеңіске жетті

2017 жылғы 19 мамырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық санитариялық авиация орталығы мен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №2 қалалық ауруханасымен ұйымдастырылған Астана қаласы көпбейінді станционарларының қабылдау бөлімшелерінің арасында жарыс өтті. Жарысқа №1 қалалық аурухананың, №2 қалалық аурухананың, №2 қалалық балалар ауруханасының және «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ клиникасының қабылдау бөлімшелерінің командалары қатысты. 

Осы жарыстың мақсаты қабылдау бөлімшелері мамандарының кәсіпқойлық, жедел әрекет етушілік және командалық жұмыс деңгейлерін арттыру болып табылады.

Жарыс 6 ситуациялық тапсырмадан тұрды, бұл кезде командалар халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетулері қажет болды. Әрбір тапсырманы орындауға 20 минуттан уақыт берілді. Жарыста оқиғалардың шынайы ортасы қалыптастырылды, пациенттердің ролін арнайы стандарттау дайындығынан өткен пациенттер орындады, симмуляциялаушы жабдықтарды пайдаланды.

Негізгі назар пациенттерді триаж-жүйесі, пациенттерді қабылдау, диагностикалау және халықаралық стандарттарға сәйкес шұғыл емдеуге жатқызу көрсеткіштерін анықтау бойынша іріктеуге бөлінді.

Төрешілер мен емтихан қабылдаушылар мынадай: толық және сапалы шұғыл көмек көрсету, хаттамаларды сақтау, командалардың коммуникациялық машықтары, орнында медициналық персоналдардың жұмысты ұйымдастыру, пациентті біріншілік қарау, жағдайын танымдау және медициналық іріктеуді жүргізу критерийлері бойынша командалардың жұмысына баға берді.

Барлық командалар клиникалық тәжірибе және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша кәсіпқойлықтың жоғарғы деңгейін көрсетті. Алайда жарыс барысында пациенттерді іріктеу, коммуникациялық машықтар, қолданыстағы ресурстарды пайдалану команда жұмысында пациенттерді бағыттау бөлімінде проблема туғызатын кездер де болды. Осылайша жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №2 қалалық аурухана, екінші орынды екі команда бөліп алды: №1 қалалық аурухана, №2 қалалық балалар ауруханасы. Үшінші орын «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ клиникасына берілді.

Қазіргі уақытта қабылдау бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл мәселе «Астана ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында айрықша өзекті. 

Мұндай жарыстар медицина қызметкерлерінің тек қана біліктілігін арттырып қана қоймады сонымен бірге қабылдау бөлімшелері медициналық қызметкерлерінің командалық және келісілген жұмысының маңыздылығын көрсетеді.