zakon.kz-ке сілтемемен бірге: Астанада халыққа арналған алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары кең ауқымды бағдарламасы бойынша оқыту басталды

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017.

zakon.kz-ке сілтемемен бірге: Астанада халыққа арналған алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары кең ауқымды бағдарламасы бойынша оқыту басталды

Пациентке алғашқы 3-5 минут аралығында көрсетілген алғашқы медициналық көмек нәтижесінде 50% - дай жағдайда оның өмір сүру мүмкіндігі артады. Европада әр 45 секунд сайын кенеттен жүректің тоқтауынан 1 адам қайтыс болады. ДДСҰ көрсеткіштері бойынша зардап шеккендердің 70%-ы қажетті алғашқы медициналық көмектің көрсетілмегендігінен қаза болады. Өкінішке орай, Қазақстанда да жыл сайын кететтен жүректің тоқтауынан 20 мың адамдай қайтыс болады, айта кететін жайт, олардың көбісі жас адамдар мен еңбекке қабілетті адамдар болып тіркелді.

Астанада ҚР ДСМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» бастамашылық еткен халыққа арналған алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары кең ауқымды бағдарламасы бойынша оқыту басталды, сонымен қатар, олардың міндеттерінің бірі - жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру болып табылады. Зардап шеккенге медициналық қызметкерлер жеткенше дейін, дұрыс көмек көрсетуді мамандырылған инструкторлар «Базалық реанимация (BLS)» курстары арқылы оқытады.

Мектеп мұғалімдері мен ХҚКО қызметкерлерінен тұрған алғашқы топтар оқытуға кірісті, олар алғашқы көмек көрсетудің алгоритмдерін үйреніп, тәжірибелік машықтарын заман талабына сай манекен-имитаторлар мен интерактивтік жабдықтарда көрсетті. 

№79 мектеп мұғалімі оқушылармен болатын төтенше жағдайлар кезінде, медициналық бригадалардың келіп жеткен уақытына дейін, мұғалімдердің дұрыс алғашқы медициналық көмек көрсетуі үшін бұндай курстардың өткізілуі өте маңызды екенін айтты.

Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес, осындай курстар барлық білім беру мекемелерінің,  ойын-сауық орталықтарының, ХҚКО, аэропорттар, сапаржайлар, қоғамдық тамақтандыру орталықтарының қызметкерлеріне тарап, өткізілуі қажет.

Бұдан басқа, медициналық ұйымдар, әлеуетті құрылымдар, қоғамдық, әуе және теміржол көліктерінің қызметкерлері, қауіпті заттар өндіретін қызметкерлер, спорттық-сауықтыру және күзет ұйымдарының қызметкерлері міндетті түрде осы курс бойынша оқытылуы керек.

Ұсынылған көрсеткіш бойынша, пациентке алғашқы 3-5 минут аралығында көрсетілген алғашқы медициналық көмек нәтижесінде 50% - дай жағдайда оның өмір сүру мүмкіндігі артады.