Жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста Қазақстанның санитариялық авиация командасы үздік атанды

Сәрсенбі, 07 Маусым 2017.

Жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста Қазақстанның санитариялық авиация командасы үздік атанды

ҚР Республикалық санитариялық авиация бригадасы 2017 жылғы 31 мамырдан 2 маусымға дейінгі аралықта Сумы қаласында (Украина) өткен шұғыл медициналық көмек бригадаларының «Сумылық медициналық ралли - 2017» халықаралық жарысында жеңіске жетті.

Жарысқа Украинадан, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан, Польшадан, Молдовадан, Белорусиядан және Қазақстаннан барлығы 40 астам жедел медициналық жәрдем бригадасы қатысты. Үш күн аралығында командалар кәсіпқойлық және шұғыл медициналық көмек көрсету үздігі атағын алуға сайысты.

         Мұндай жарыстарды жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қызметін жетілдіру, халықаралық стандарттар бойынша жедел медициналық көмек көрсетуде тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.

         Құрамында дәрігерлер Елена Рябинина, Булат Тойбеков және фельдшер Асылбек Тоқтыбаев бар санитариялық авиация бригадасы Украинаға барды. Медицина қызметкерлері үлкен тәжірибеге ие бола отырып, шұғыл медицинада жұмыс жасау оңай емес екенін мойындайды: әрбір жағдай келесі бір жағдайға ұқсамайды, пациентке көмектесу үшін жылдам және батыл әрекет ету қажет. Қазылар алқасының мүшелері командаға қатысушылардың тек ғана жоғарғы кәсіпқойлығын ғана емес, сонымен бірге күшті корпоративтік рухты, командада жұмыс жасай білуді ескерді.

Төрешілер алқасы құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, Украинаның озық ЖОО-ның шұғыл медицина кафедрасының оқытушылары, сонымен бірге европа және АҚШ елдерінің тренерлері кірді.

Жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысын бағалау критерийлері: шақырту орындарында медициналық персоналдардың жұмысын ұйымдастыру, шұғыл медициналық көмек көрсету сапасы мен жылдамдығы, басқа да шұғыл қызметтермен серіктестік ету.

ҚР жедел медициналық жәрдем қызметін үйлестіру функциясын атқаратын Республикалық санитариялық авиация орталығы командасы шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша жоғары кәсіпқойлық деңгейін, өміршеңдікке максималды жақын жағдайлар кезінде мамандар әрекетінің реттілігін, қабылданған шешімдердің жылдамдығы мен дұрыстығын көрсете отырып, жарыс қорытындысы бойынша 1-орынға ие болды.