Қатты ауқымды күйік шалған Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылының тұрғыны Өскемен қаласына ҚР санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды

Сәрсенбі, 18 Шілде 2018.

Қатты ауқымды күйік шалған Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылының тұрғыны Өскемен қаласына ҚР санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды

2018 жылғы 15 шілдеде денесін 70 % термиялық күйік шалған әйел мамандандырылған емдеу және кешенді терапия алу үшін Өскемен қаласы №1 Қалалық ауруханасының күйік алу бөлімшесіне ҚР санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды.

2018 жылғы 11 шілде оқиға орнынан әйел жедел медициналық көмек қызметімен Көкпекті ауданының өңіраралық ауруханасына жеткізілді. Ол жерде оған барынша көмек көрсетілді – шоктан шығарды. Алайда, зақымданудың ауырлығына байланысты, дәрігерлік кеңеспен жай-күйі тасмалдауға мүмкін болған жағдайда әйелді Өскемен қаласы қалалық ауруханасына тасымалдау туралы шешім қабылданды.

Күрделі термиялық жарақат алған жағдайда адам өмірі медициналық көмек көрсетудің жылдамдығы пен сапасы тәуелді. Шығыс Қазақстан облысының таулы, жетуі қиын жерлері үшін санитариялық авиация – ең шұғыл «жедел жәрдем», соның арқасында дәрігерлер күн сайын мамандандырылған өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарынан шалғай тұратын облыс тұрғындарының өмірлерін және денсаулығын құтқаруда.

Тасымалдау бортында тасымалдаудың максималды аяулаушы шарттарын сақтай отырып, реанимациялық іс-шараларды қоса алғанда, алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған санитариялық авиация ұтқыр бригадасы және дәрігер-реаниматологтың алып жүруімен жүзеге асырылды.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыр жарақатпен және күйікпен, соның ішінде, жол көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлар нәтижесінен зардап шеккендерді құтқару үшін барлық ҚР санитариялық авиация ұшуларының20% - дан астамы жүзеге асырылғанын айта кету керек.