Қазақстан азаматшасын Анталия қаласынан (Түркия) тасымалдау

Сейсенбі, 11 Қыркүйек 2018.

Қазақстан азаматшасын Анталия қаласынан (Түркия) тасымалдау

2018 жылғы 10 қыркүйек 1988 жылы туылған Қазақстан азаматшасы және оның екі айлық қызы Анталия қаласынан (Түркия) елге санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды.

2018 жылғы 30 маусым демалыста болған Қазақстан азаматшасының мерзімінен бұрын босануы басталды. Қыз бала шала туған балалар денсаулығының жай-күйіндегі сипатта туылды. Жағдайы тұрақты болғаннан  кейін, сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығы және ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып,  барлық қажетті медициналық құжаттар алынғаннан соң бүлдіршін мен анасын отанына тасымалдау үдерісі басталған болатын.

Ұшу барысында баланы санитариялық авиация қызметінің ұтқыр бригадасының мамандары алып жүрді. Әрі қарай қажетті көмек алу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта, бала дәрігерлердің бақылауында.

Саниариялық авиация құрылғаннан бергі соңғы 5 жыл ішінде ауыр халде жатқан 49 Қазақстан азаматы шетелден отанына тасымалданғанын айта кетейік. Таяу және алыс шет елден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет қаржаты есебінен жүзеге асырылды. 

Шетелде жүрген кезінде шұғыл жағдайлардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында ҚР денсаулық сақтау министрлігі жол жүру алдында жан-жақты медициналық тексеруден өтуді және дәрігердің қорытындысын алуды ұсынады. Денсаулығы үшін қауіп болған жағдайда сақтандырудың тиісті кеңейтілген бағдарламасымен медициналық сақтандыру рәсімдеу ұсынылады. Сақтандыру сапардың барлық ықтимал бағыттарын, денсаулық жағдайына байланысты жедел отанына қайтаруды, емдеуді, ауырған /жазатайым оқиға және т. б. жағдайда ауруханаға жатқызуды жабуы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес дәрігердің ұсынымына ерекше назар аудару керек:

• жүкті әйелдерге. Осы санаттағы азаматтар үшін сақтандыру компаниялары қарастырған арнайы кеңейтілген сақтандыру бағдарламасы. Шетелге шығатын жүкті әйелдерге кеңейтілген сақтандыру  мерзімінен бұрын босану кезінде жүктіліктің жіті асқынулары туындаған кездегі медициналық шығыстарға байланысты, сондай-ақ, бала күтіміне бағытталған шығыстарға байланысты қосымша жағдайларды қамтиды.

• жаңа туған туған нәрестелермен жолаушыларға;

• балалармен жолаушыларға;

• қарт адамдарға;

• мүгедектігі бар жолаушыларға;

• иммунитеті төмен адамдарға;

• жақында хирургиялық операция жасалған адамдарға;

• созылмалы аурулары бар адамдарға;

• кез келген хирургиялық ауру, онкологиялық және гематологиялық аурулары бар және т.б. жолаушыларға.