Шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде тікұшақтар таптырмайтын көлік құралы болып табылады

Сәрсенбі, 31 Қазан 2018.

Шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде тікұшақтар таптырмайтын көлік құралы болып табылады

Республиканың алыс орналасқан, қиын қолжетімді елді мекендеріндегі пациенттерге тікелей уақтылы сапалы медициналық көмек көрсету бойынша міндеттерді шешуден басқа, санитариялық авиация қызметі Қазақстанда азаматтық авиацияның дамуына толығымен әсерін тигізеді. 

Санитариялық авиация мамандары қауіпсіз медициналық авиациялық тасымалдауды қамтамасыз ететін медициналық авиациялық көлік құралын конструкциялауға және пайдалану мүмкіндіктеріне белгілі бір талаптарды қалыптастырды.

Республикалық санитариялық авиация орталығы әуекөліктік қызметтерді көрсететін және әуе кемелерінің сертификатталған пайдаланушылары болып табылатын әуекомпанияларымен әріптестік етуде.Қазіргі уақытта, санитариялық авиация желісі бойынша әуе кемелерінің басқа да түрлерімен бірге бортында заманға сай медициналық модульдері бар, отандық құрастырудағы ЕС-145 мамандандырылған тікұшақтарының он бес бірлігі пайдаланылады.

Көлемі бір жарым диаметр негізгі бұрамасы бар тікұшақ тегіс алаңы бар кез-келген орыннан ұша алады және қона алады. Осы мақсатта осы көлік құралы жасалынды. Тік ұшу және құну мүмкіндігі ұшып-қону жолағына қажеттілікті жояды және зардап шегушілерге шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде тікұшақтарды таптырмас көлік құралы етеді.