ҚР санитариялық авиацияның ағымдағы жылдағы кезекті халықаралық ұшуы Қазақстан Республикасының екі азаматын отанына әуетасымалдау мақсатында 2019 жылғы 30 қаңтарда ұйымдастырылды.

Жұма, 01 Ақпан 2019.

Қырғызстанда демалыста жүрген 1976 жылы туған әйел және 1987 жылы туған ер адам биіктіктен құлау салдарынан ауыр жарақат алған, Бішкек қаласының медициналық мекемесіне жеткізіліп, жедел емдеу қабылдаған. Содан кейін, клиниканың мамандарымен санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдауға арналған қорытынды берілді. Ауыр халде жатқан пациенттерді әуемен тасымалдау пациенттердің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін жүзеге асырылды.

30 қаңтар сағат 16. 40-та ұшақ Астана қаласының әуежайына қонды, ол жерден пациенттер Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына және бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұдан әрі пациенттер отандық медициналық ұйымдарда ем алады.

Тасымалдау санитариялық авиацияның ұтқыр бригадасының (дәрігер және фельдшер) қатысуымен жүзеге асырылғанын атап өту қажет.