Санавиация «Автоматты сыртқы дефибрилляторды қолдана отырып базалық жүрек-өкпе реанимациясы» халықаралық стандарттарымен ДДҰ-ны оқытты

Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019.

Санавиация  «Автоматты сыртқы дефибрилляторды қолдана отырып базалық жүрек-өкпе реанимациясы» халықаралық стандарттарымен ДДҰ-ны оқытты

Жыл сайын жүздеген мың ерлер мен әйелдер жүректің кенеттен тоқтауынан қайтыс болады. Бұл өлімді шұғыл қызметтер келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын дереу бастаған кезде болдырмауға болады. Жүрек-өкпе реанимациясы базалық реанимациялық іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады және кеуде қуысының компрессиясы (жасанды қан ағымын қамтамасыз ету үшін), жасанды тыныс алу (оттегіні өкпеге жеткізу үшін) және автоматты сыртқы дефибрилляторды дұрыс пайдалану негізгі іс-әрекеттерінен тұрады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығының» ШЖҚ РМК оқу-тренингтік орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мамандары үшін «автоматты сыртқы дефибрилляторды қолдана отырып базалық жүрек-өкпе реанимациясы» бағдарламасы бойынша оқыту жүргізді.

Айта кету керек, оқу-тренинг орталығы Нұр-сұлтан және республика аймақтарында халықаралық стандарттарға, соның ішінде дефибрилляторды қолдана отырып жүрек-өкпе реанимациясын оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын белсенді іске асыруда. Тек медицина қызметкерлерін ғана емес, сонымен қатар медициналық емес контингентті оқыту болашақта оларды құтқару бойынша қажетті шараларды уақтылы көрсету арқылы адам өмірін жоғалтуды азайтуға мүмкіндік береді.