Зардап шеккендердің жаппай санымен төтенше жағдайға ден қою бойынша денсаулық сақтаудағы кешенді оқу-жаттығулар

Жұма, 28 Маусым 2019.

Зардап шеккендердің жаппай санымен төтенше жағдайға ден қою бойынша денсаулық сақтаудағы кешенді оқу-жаттығулар

Медициналық мекемелерді, оның ішінде стационарларды ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға дайындау қажеттілігі Қазақстан Республикасы халқының өмірін құтқару және денсаулығын сақтау үшін маңызды басымдық болып табылады және оны шешу бүгінгі таңда өзекті міндет болып табылады.

2019 жылғы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 көпбейінді аурухана базасында денсаулық сақтауда зардап шеккендердің жаппай саны бар төтенше жағдайларға ден қою бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті.

Осындай оқыту іс-қимылдардың дәйекті тетігін әзірлеуге, сондай-ақ жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келетін төтенше жағдайлар кезінде үш ауқымды алгоритмді тестілеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен ұйымдастырылды.

Бақылаушылар ретінде ДДҰ-ның халықаралық сарапшылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қ. Денсаулық сақтау басқармасының, ЖМК өңірлік станцияларының және стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің өкілдері шақырылды.

Іс-шараның басты мақсаты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтық қорғау медициналық қызметінің зардап шеккендердің жаппай санымен төтенше жағдайға ден қою жоспарын тестілеу болып табылады.

Кешенді оқу-жаттығулар шеңберінде №2 қалалық көп бейінді аурухананың, ЖМК қызметінің, апаттар медицинасы қызметінің, республика облыстарынан ауруханалардың қабылдау бөлімшелерінің, алғашқы медициналық көмек мекемелерінің қызметкерлерін медициналық іріктеуге баса назар аудара отырып, зардап шеккендердің жаппай санымен төтенше жағдай туындаған жағдайда ден қоюдың келісілген және үйлестірілген іс-қимылдарына практикалық симуляциялық оқыту іске асырылды.