ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Чехиядан ҚР-на 2018 жылы туған баланы елге тасымалдады

Сәрсенбі, 03 Шілде 2019.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Чехиядан ҚР-на 2018 жылы туған баланы елге тасымалдады

2019 жылы 25 маусымда Чех Республикасындағы ҚР консулдығы Чехия Республикасы Оломоуц қаласындағы «Университеттік аурухана» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан ҚР азаматы – бір жастағы пациент туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жіберді. Зерттелген медициналық құжаттаманың нәтижелері бойынша пациент жағдайының ауырлығын ескере отырып және азаматтық авиажелілердің тұрақты рейстерімен тасымалдау мүмкін еместігіне байланысты, кішкентай пациентті санитарлық авиация желісі бойынша Отанына тасымалдау туралы шешім қабылданды.

2019 жылы 29 маусымда ҚР азаматын Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тасымалдау мақсатында арнайы әуе кемесінің ұшуы ұйымдастырылды. Арнайы жинақ 30 маусымда таңғы сағат 3: 37-де Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына сәтті қонды, бұл жерден пациент санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының алып жүруімен бұдан әрі ем қабылдау үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, нашарлаусыз. Медицина мамандарымен толық емдеу бағдарламасы жүргізілуде.

Қызметтің барлық кезеңінде шетелде ауыр жағдайда жатқан ҚР 67 азаматына көмек көрсетілді, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап 12 пациентке көмек көрсетілді.