Директордың блогы

Русский язык

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2015.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтында қош көрдік.

Орталық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1724 қаулысына сәйкес құрылды және бүгінгі күні белсенді құрылым кезеңінде.

Орталықтың негізгі міндеті санитариялық авиациялық көлікті пайдаланумен мемлекет халқына шұғыл медициналық және консультативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсетуде санитариялық авиация мен басқа да ведомстволық қызметтердің тиімді қарым-қатынасы болып табылады.

Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ мемлекеттің әуе компанияларымен тығыз қарым – қатынаста жүзеге асырады.

Бұдан басқа Орталық Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Орталық санитариялық авиация желісі бойынша әртүрлі жекеменшік нысанындағы әуекомпанияларымен, оның ішінде «Қазавиақұтқару» АҚ, «SCAT» АҚ, «АЭРО» АҚ және т.б серіктестік қарым-қатынаста  .

Әуе тасымалдаушыларына қатаң талаптар қойылады. Бұл ең алдымен экипаждың кәсіпқойлығына және әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) ұшуға дайындық уақытына қатысты. ӘК тиісті ұшу-техникалық сипаттамасы болған кезде экипаж тегістелген ұшып – қону жолағынан (алаңынан) қону және ұшуға дайын болуы қажет. Бұл алыс орналасқан және қиын қолжетімді елді-мекендерге ұшу кезінде өте маңызды.  

Біздің мобильдік бригадалар ұшу кезінде пациент жағдайын тұрақты ұстап тұру үшін дәрілік препараттардан және медициналық алғашқы көмек көрсететін қарапайым заттардан басқа жағдайға байланысты өздерімен бірге сапарға дүниежүзіне әйгілі мынадай медициналық жабдықтарды алады: «Corpuls3», «Nellcor», «Oximax», «Medumat Transport» және т.б. Бейхабар адамға бұл брэнд атаулары ештеңені түсіндіре алмайды. Бірақ дәрігерлер аз ақша тұрмайтын қандай озық жабдықтар туралы айтылғандығын сөзсіз түсінеді. Біздің мамандарымыз оларды істе пайдалана білуі өте маңызды. Хочу отметить что вертолет авиакомпании «Қазавиақұтқару» әуекомпаниясының ЕК-145 тік ұшағы ұшу кезінде пациент гемодинамикасын үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін аппаратурасымен медициналық модульі бар.

Орталық барлық Медициналық холдинг клиникаларымен, Астана және Алматы қалаларының Республикалық клиникаларымен серіктестік қарым-қатынаста. Емделуді қажет ететін жоғарыда көрсетілген клиникалардағы пациенттер клиника мамандарымен бірге санитариялық авиация қызметімен тасымалданады.

Орталықтың барлық мамандары өз ісінің кәсіпқойы болып табылады, өзінің кәсіби машықтарын өздігінен жетілдіруге ынталанады. Санитариялық авиация қызметіндегі медициналық сервис медициналық персоналдардың кішіпейілдігі мен қарапайымдылығының арқасында жоғары деңгейде тұр.

Қорытындылай келе сіздің назарыңызды біздің сайтымызда «Кері байланыс» бөлімі бар екеніне аударамыз. Осы құралдың көмегімен сіз бізге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен және ұсыныстарыңызбен өтініш білдіре аласыздар.