Әсем Шаяхметова санитариялық авиация көмегімен Астана қаласына тасымалданды

Бейсенбі, 22 Қаңтар 2015.

Әсем Шаяхметова санитариялық авиация көмегімен Астана қаласына тасымалданды

Бүгін сағат 6-да санитариялық авиация Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағынан зардап шеккен Әсем Шаяхметованы Астана қаласына жеткізді.

Көзі: http://24.kz/ru/novosti2/glavnye-novosti/item/46552-asem-shayakhmetova-tranportirovana-sanitarnoj-aviatsiej-v-astanu

Бұл жайында ҚР ДСӘДМ хабарлайды.

Қазіргі уақытта ол №1 ауруханада жатыр. Дәрігер оның жағдайын бір қалыпты ауыр деп бағалайды. 3 дәрежелі травматикалық шок болғандықтан оның жағдайын тұрақтандыру үшін консервативтік емдеу жүргізілген. Бұдан кейін оперативтік жағаласулар жүргізіледі.

Жамбыл облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін 1986 жылы туған Әсем Шаяхметова 20 қаңтар 19 сағатта сол жақ жамбастың ашық жарықшақ сынығы және оң жақ жіліншіктің ығысуы, жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, зақымданулар, беттің тырналуы және 3 дәрежелі травматикалық шок диагнозымен Шу қалалық ауруханасына жеткізілгенін еске саламыз.   

Келіп түскен кездегі пациенттің жағдайы тұрақты ауыр. Реанимация талаптарымен шоққа қарсы, бактерияға қарсы ем және эритроцитарлық массаның гемотрансфузиясы жүргізілді.

2015 жылғы 21 қаңтарда емдеу тактикасын анықтау үшін Шу қаласына Астана қаласынан 3 дәрігер және Тараз қаласынан 2 дәрігер келіп жетті. Мамандар консилиумі пациентті Астана қаласына тасымалдау туралы шешім қабылдады.  

Көзі:http://24.kz/ru/novosti2/glavnye-novosti/item/46552-asem-shayakhmetova-tranportirovana-sanitarnoj-aviatsiej-v-astanu