Қазақстанның санитариялық авиациясы донор ағзаларын тасымалдау үшін 8 ұшуды жүзеге асырды

Сейсенбі, 23 Маусым 2015.

       Қазіргі уақытта ҚР әуе аймағында әртүрлі модификациядағы 35 әуе кемесі жұмыс жасайды.

       Қазақстанда санитариялық авиация белсенді түрде жаңа бағытты дамытуда – трансплантология үшін донор ағзаларын тасымалдау. 2014 жылдан бастап 8 ұшу жүзеге асырылды. Бұл жөніндегі журналисттерге Медициналық қызметкер күні мерекесі қарсаңында Орал қаласы облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер нейрохирургі, санитариялық авиация бөлімшесінің меңгерушісі Ғалымжан Мурзағалиев айтып берді деп хабарлайды BNews.kz.

Дәрігер нейрохирург, БҚО санитариялық авиация үйлестірушісі өзінің еңбек бастамасын 1995 жылы бастады. Оның негізгі міндеті – өңірлік санитариялық авиация орталығы мен ҚР ДСӘДМ Республикалық санитариялық авиация орталығының қарым-қатынасын үйлестіру, өңірлік деңгейдегі санитариялық авиация нысанында шұғыл, білікті, жоғары мамандандырылған және консультативтік – диагностикалық көмек көрсету болып табылады. Дегенмен бұдан басқа Мурзагалиев ҚР тұрғындарына емделуге жатқызуға дейінгі кезеңде жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны дайындауға және жетілдіруге қатысады. 

«Мен бас-миының зақымдануымен шақыртуға шықтым немесе оқиға орнына көмек көрсету үшін ұшып шықтым деп алайық. Ұшу немесе автокөліктердегі шығулар тек шұғыл және ауыр жағдайларда жүргізіледі. Батыс Қазақстан облысы бойынша жылына 300-ден 350-ге дейін шақыртулар келіп түседі. Оның ішінде 50 шақырту нейрохирургия бойынша», - деп айтты Ғ.Мурзагалиев. 

Жұмыс жасау жылдары ол өзі нейрохирургиялық бұзылыстары бар 23 пациентті тасымалдады, 15 пациентке консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті және екеуіне операция жасады.

«Мен 1995 жылдан бастап жұмыс жасай бастадым. Осы жылдар ішінде материалдық-техникалық база жақсарды деп айта аламын, қазір бізде әртүрлі модификациядағы әуе кемелері, реанимациялық автокөліктер, GPS навигаторлар, оперативтік әсер етуге арналған спутник байланысы бар. Сондықтан санитариялық авиация қызметі тәулік бойылық режимінде – мереке, демалыс, түн, күн, ауа райының жағдайына қарамастан қызмет жасайды – біз оқиға арнына шығамыз және көмек көрсетеміз», - деді                       Ғ. Мурзагалиев.

Дәрігердің сөзі бойынша 2012 жылы республикалық орталықтың құрылуынан бастап айтарлықтай өзгерістер болғаны байқалады. Қазіргі уақытта ҚР әуе аймағында әртүрлі модификациядағы 35 әуе кемесі жұмыс жасайды. 

«Осы кезеңде (2012 жылдан – автордың ескер.) Қазақстан бойынша 5,5 мыңнан астам ұшу жүзеге асырылды. 7 мыңнан астам пациентке көмек көрсетілді. Оның ішінде 15 жағдайда алыс және жақын шетелдерден ҚР азаматтары тасымалданды. Қазір жаңа бағыт өңдеуден өтуде – бұл трансплантология үшін донордың ағзаларын тасымалдау. 2014 жылдан бастап Қазақстан бойынша 8 ұшу жүзеге асырылды», - деді Ғ. Мурзагалиев.

Надежда Лыкова, фото Бауыржан Жуасбаеввтікі